Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау туралы
«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы» жанындағы «Бұланды аудандық ауруханасы» ШЖҚКМК 2026 жылғы 15–21 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7-тармағына сәйкес жұмыс тобының құрамында талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2026 жылғы 15–21 маусым аралығында комплаенс-офицер Асанбаева А.К.-ға 8 778 086 28 28 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.


