БЖАИЖ (бала жасындағы ауруды интегралды жүргізу) бойынша рөлдік ойындар

Қазіргі уақытта АМСК қызметіне баланың туылған күнінен бастап 5 жасқа дейін  науқас және дені сау баланы жүргізу үлгілері енгізілген.

БЖАИЖ- бұл бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымымен әзірленген түбегейлі жоспар. Дәлелді медицинамен негізделген, егер дұрыс пайдаланған жағдайда науқастану, өлім жітім және мүгедектік  деңгейі төмендейді.  БЖАИЖ түбегейлі жоспары науқас баланың жағдайын мақсаттық бағалауға негізделген. БЖАИЖ үш құрылымы:

*Медицина қызметкерлерінің дағдысын жақсарту

* Денсаулық сақтау жүйесін жақсарту

*Жанұяда баланы күту тәжірибесін жақсарту

БЖАИЖ  классификациясы– анық іс қимылдарды алдын ала болжайтын, ауырлық санаты . іс –әрекет үшеу: шұғыл госпитализациялау. Арнайы емдеумен үйде қалдыру немесе күтімді қамтамассыз етіп  үйде қалдыру.

БЖАИЖ толық пайдалану мақсатында әр медицина қызметкерімен рөлдік ойын ретінде оқу өткізіледі.  2015 жылдың 19 қарашасында кезекті оқу теле байланыс арқылы өткізілді.