Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Бұланды орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК –нің қызметкерлерінің кәсіподақ жиналысы

2015 жылдың 18 қарашасында Бұланды орталық  аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерінің жиналысы өтті.

Талқылаудың ең басты сұрағы –жаңа құқықтық ұйымдастыру нысанына көшу. Жиналыста құқықтық ұйымдастыру нысанының нәтижелі және кері жақтары туралы талдау жүргізе отырып  бас дәрігер Нұрсадықова А.Ж сөз сойледі. Азаматтық қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа жүйесіне  көшу және жалақыны көтеру  ШЖҚ МКК-дың қызметкерлеріне таралмайтындығы айтылды, себебі қаражат қарастырылмаған.

ШЖҚ МКК статусында медициналық ұйымға қосымша табыс табу мүмкін емес, осы себеп бойынша жалақы мөлшері өзгеріссіз қалатынын түсіндірді. Бұл сұрақтың шешімін табудың екі жолы қарастырылуда: ақылы қызметпен табыс табу немесе құқықтық ұйымдастыру нысанын мемелекеттік коммуналдық қазыналық көсіпорынға өзгерту болып табылады.

Бұланды ОАА-ның қызметкерлері – құқықтық ұйымдастыру нысанын өзгеруіін қолдап, шешім қабылдады.