Денсаулық қоғамдық мереке думаны

2015 жылдың 5 қыркүйегінде Бұланды ауданында  «Салауатты өмір салтына: - иә- деп айт» деген ұранмен  «Денсаулық қоғамдық мереке думаны»  өткізілді.

Акцияға МДМ, оқушылар, кәсіпорындар қызметкерлері, мәдениет және спорт бөлімі, медицина қызметкерлері қатысты. Салтанатты түрде Денсаулық қоғамдық мереке думанын Бұланды ауданының әкімі  К.Х. Испергенов ашты, ол барша халыққа денсаулық, физикалық белсенділік, спортта белестерге жетуді тіледі. Тұрғындар тобымен флешмоб ұйымдастырылды,  спорттық ұжымдардың, оқушылар жүгіруі өткізілді, медицина қызметкерлері қан қысымын, қан құрамындағы қантты, холлестеринді өлшеуін өткізіп, бойды, салмақты тексерді. Денсаулық мерекесі  велосипедпен жүрумен тамамдалды.