Медицина қызметкерінің күні

Бүгін Макинск қаласында медицина қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, өз тағдырын жер жүзіндегі ең әділ мамандық- медицина қызметкері  мамандығымен байланыстырғанды құрмет көрсетумен іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері және қонақтар жиналды. 

Жергілікті Маслихат хатшысы Ш.Б.Кусаинов медицина қызметкерлерін құттықтап, Бұланды ауданының әкімінің марапаттау қағаздарын тапсырды: Маулинбергенов К.Р.Сагадиев Б.Р. Гоменюк А.М. Кармазиненко Ю.А. Сабирова А.К. Доронина Т.В. Куандыков К.А. Садвакасов Т.Т. Алтыбаев М.Ж. және. т.б.

Мерекелік іс-шара аудандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған концертпен аяқталды.

2015 жылдың 16 маусымында Астана қаласында Бұланды ОАА-ның бас дәрігері А.Ж.Нурсадыковаға Ұлттық денсаулық сақтау палатасынан «Ізгі және аянбай жасаған еңбегі, Казақстан медицинасына деген махаббаты мен адалдығы үшін» медаль берілді.