«Жастар өмірді таңдайды» акциясы

2015 жылдың 27 мамырында Бұланды ауданында «Жұлдыз» республикалық  қоғамдық балалар ұйымының одағы және Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасымен біріккен «Жастар өмірді таңдайды» акциясы өткізілді.

Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша белсенді жұмыс жасағаны үшін Бұланды аудандық емханасының дәрігері А.Ф. Мотрошилов мақтау қағазымен марапатталды. Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде  №1, №5 мектептер ең озат болып танылды.