Медициналық мейір бике күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысу

2015 жылдың 28 сәуірінде Көкшетау қаласының медициналық колледжінде халықаралық медицина мейір бикесі күніне арналған  іс –шара өткізілді.

Мұражайдың«Мейірімділік және батырлық» құрмет белгісімен аудандық емхананың бірінші біліктілік санаты бар аумақтық медицина мейір бикесі Сагова Хава Салмановна марапатталды. 

Көкшетау медициналық колледжінің  және Ақмола облысының  медициналық мейір бикелер ассоциациясының мақтау қағазымен  терапия бөлімінің жоғары санатты медицина мейір бикесі Тлеукенова Роза Уалихановна марапатталды.

Көкшетау медицина колледжінде медицина мейір бике Күнін тойлауға арналған «Ең үздік мейірбике-2015» сайысы өткізілді: сайысқа аудандық емхананың аумақтық мейірбикесі Рахимжанова Үміт Кенжебаевна қатысты.