Дөңгелек үстел өткізу

2014 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылдың 14 қарашасында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және ДСМ –нің 2014 жылдың №45 бұйрығын орындау мақсатында 3 қарашадан 3 желтоқсанға дейінгі аралықта Бүланды ауданында АҚТБ /ЖҚТБ бойынша айлық өткізілуде.

 Айлық өткізу аясында Макинск қаласының гимназия мектебінде дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар республика, облыс, аудан бойынша науқастану статистикалық деректерімен таныстырылды. АҚТБ/ЖҚТБ профилактикасы бойынша видиофильмдер көрсетілді, сауалнама өткізіліп, рөлдік ойындар өтті.