Коронавирус эпидемиясы

Коронавирус эпидемиясы жаңа сын-қатерлерді әкелді: көптеген ауруханалар жүктемелердің ұлғаюына және дәрігерлер үшін тамақтанудың жоқтығына тап болды. Біздің ауданда Бұланды аудандық ауруханасы базасында провизорлық стационардың ашылуына байланысты. 07.07.2020 жылы 16 медициналық қызметкерлер 14 күндік  ауысымға кірісті.

Бұланды ауданының белсенділерімен дәрігерлерге, орта медициналық қызметкерлерге шығын материалдарын сатып алу ,оларды ыстық түскі аспен тамақтандыру және үлкен эмоциялық жүктемені жеңуге көмектесу үшін қаражат жинау басталды. Бұланды аудандық ауруханасы көрсетілген көмек үшін үлкен алғыс білдіреді.