Демеушілік көмек

Бүгін, 7 шілде күні Бұланды аудандық ауруханасына науқастар үшін 20 оттегі баллоны жеткізілді. Бұл-жергілікті кәсіпкерлерден аудандық ауруханаға сыйлық  Баймағамбетов Куат , Мальсагов Башир. Бұл пандемия кезінде дәрігерлер үшін баға жетпес көмек. Демеушілік көмек ерікті түрде көрсетіледі, Біз ешкімді мәжбүрлемейміз. Дегенмен, көмектесуге дайын адамдар бар. Бұланды АА Бұланды ауданының кәсіпкерлеріне үлкен алғыс білдіреді. Айта кету керек, ДСБ 05.07.2020 ж. №432 –адм бұйрығына сәйкес, коронавирустық Сovid-19 (бұдан әрі - Covid-19) жұқпасының таралуының алдын алу мақсатында Ақмола облысы тұрғындары арасында 07.07.2020 жылдан бастап 30 төсектік "Арай" оңалту орталығының базасында провизорлық стационар ашылды. 

Стационарды қамтамасыз ету және жабдықтау бойынша белгілі бір шешімдері керек сұрақтар  бар , бірақ бұл мәселе аурухана әкімшілігінің бақылауында, Денсаулық сақтау басқармасы және Бұланды ауданының әкімдігімен бірлесіп шешілуде . Пациенттерге медициналық көмек жоспарлы, шұғыл және аса шұғыл түрде көрсетіледі. Шұғыл және аса шұғыл көмек көрсету үшін барлық қажетті дәрі-дәрмектер мен жабдықтар бар. 

Біз Бұланды ауданының тұрғындарын үрейленбеуге және тек тексерілген ақпаратқа сенуге шақырамыз .Аман болыңыз!