Құрметті Бұланды ауданының тұрғындары!

Сіздерге сенімді өтініш барлық сақтық шараларды сақтауға, жоспарланған сапаларды кейінге қалдырып , қонаққа жиі бармауға, үйде болуыңызды сұраймыз . Далаға тек аса қажет болған жағдайда - азық-түлікке немесе дәріханаға шығыңыз. Балаларды үйден жібермеңіз. Үлкен кісілерге үлкен өтініш: барлық қауіпсіздік шараларын сақтаңыз. 65-тен асқан адамдар қауіп аймағында болады, себебі кез келген аурулар сізде ауыр түрде өтеді. Бірқатар қауіпсіздік шараларын сақтау қажет: қоғамдық орындарда қашықтықты, респираторлық гигиена ережелерін сақтау, қолды жиі жуу, қажетсіз үйден шықпау . Егер сізде құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, тамақтың ауыруы және әлсіздік пайда болса, сізге 21446 және 79900 нөмірлері бойынша қоңырау шалып, дәрігерді үйге шақыру қажет, сондай-ақ жедел жәрдем нөмірін пайдалана аласыз: 103.