ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

12.05.20 2Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алудың халықаралық күні ретінде атап өтіледі, ол қоғамның назарын АИТВ/ЖИТС мәселесіне аударуға, ақпараттандырылуын арттыруға, осы ауруды алып кеткендерді еске алуға, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету белгілерін көрсетуге бағытталған. Осы күнге байланысты өткізілетін іс-шаралардың басым міндеттерінің бірі АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітуді болдырмайтын қоғамды қалыптастыру болып табылады.

Осы күн қарсаңында түрлі елдерде, соның ішінде Қазақстанда ЖИТС-тен қайтыс болған адамдар туралы естелік идеяларымен біріктірілген жаппай іс-шаралар ұйымдастырылады: кең ауқымды акциялар, флэш-мобтар, баспасөз конференциялары, ақпараттық бағдарламалар, сөзжұмбақтар, көрмелер, ал шіркеулерде панихидтер өткізіліп, қайтыс болғандар туралы естелік шам жағылады.
АИТВ-инфекциясы ұлттық, гендерлік, жас ерекшелігіне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әркім де жұқтыруы мүмкін, бұл ауру жеңіледі деген үміт, қайғы мен түсінушілік белгісі ретінде адамдар киімге қызыл лентаны теседі.
Еске алу күнін өткізудің мақсаты ЖИТС-тен қайтыс болған адамдардың мәселелеріне әлемдік жұртшылықтың назарын аударту, адамдарды АИТВ-инфекциясының алдын алу әдістері мен оның берілу жолдары туралы мүмкіндігінше көбірек хабардар ету болып табылады.
             ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күні шеңберінде Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы екі байқау өткізеді:
o журналистер арасында "АИТВ-инфекциясы: алдын алу, диагностика және емдеу" тақырыбын үздік жариялау;
o Instagram әлеуметтік желісіндегі үздік постқа " Есте сақтау және өмір сүру!».
Instagram, Facebook, ВКонтакте (akmaids) әлеуметтік желілеріндегі орталықтың ресми аккаунттарының беттерінде байқау ережелерімен толығырақ танысуға болады.

Ақмола облысындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы

Ақмола облысында АИТВ індетін жұқтырудың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты болып қала береді, бірақ тұрғындар арасында АИТВ-жұқпаларын тіркеу әлі де жалғасуда. Ағымдағы жылдың төрт айында осы аймақта 42 жағдай анықталды (2019 жылдың дәл осы кезеңіне 45 жағдай). 2020 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша АИТВ-мен 735 адам өмір сүрді, ал облыстағы 100 мың адамға АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі 99,7 құрады.
Есепті кезеңде ең көп зардап шеккен жас тобына 20-29 жастағы адамдар тиесілі, олардың үлесі АИТВ жұқтырғандардың жалпы санының 64% құрайды, ал әлеуметтік құрылым жұмыс істемейтін халықты құрайды (62%).
Биыл АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуінің жоғарылауы байқалды, ол 64% құрады (2019 жылы - 42%). Бұл көрсеткіштер АИТВ-инфекциясы «қауіп-қатер топтары» деп аталатын шеңберден асып, жалпы халық арасында таралатынын көрсетеді.