ӨЗІҢДІ ҚОРҒА! ӨЗ ЖАҚЫНДАРЫҢДЫ ҚОРҒА! ӨЗ ҚАУЫМДАСТЫҒЫҢДЫ ҚОРҒА!

19.03.20 1"Бұланды аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Бұланды аудандық ауруханасында профилактикалық іс-шаралар енгізілгенін хабарлайды. Біз енгізілген шектеулер түсіністікпен және азаматтық ынтымақтастықпен қабылданады деп үміттенеміз: - Стационарлық емделудегі науқастардың туысқандарының келуіне тыйым салынады. Сәлемдемелерді қабылдау тәулігіне бір рет сағат 16.00 – 19.00-де аурухана қызметкерлері арқылы жүргізіледі. - Науқастың жағдайы туралы тек қана емдеуші дәрігерден телефон арқылы білуге болады. Құрметті келушілер, шектеу іс-шараларын сақтау инфекцияның енуін болдырмауға мүмкіндік береді, сол арқылы біздің пациенттеріміздің денсаулығын сақтайды! Тек барлығы бірге, өзімізді, жақындарымызды және айналасындағыларды қорғай отырып, біз пандемияға қарсы тұра аламыз. Сау болыңыз және ұзақ өмір сүріңіз!