Медициналық кеңес

2017 жылдың 23 ақпанында Бұланды ОАА-ның мәжіліс кеңсесінде 2017 жылға міндет және 2016 жылдағы қызмет қортындысы бойынша медицина қызметкерлерінің жиналысы өтті. 

Жиналысқа аудан әкімі Қ.Испергенов қатысты. Баяндамасымен бас дәрігер А.Нұрсадықова, сонымен қатар аумақтық дәрігер Р.Құсайнова,  Журавлевка ДА-ның аға дәрігері О.Ногайко шықты. Ересек және балалардың  иммунопрафилактикалық  жағдайы, инфекциялық-паразитарлық  науқастану сұрақтары бойынша ТҚҚБ басшысы Д.Мухаметжанова баяндады. Бұланды ОАА-ның қызметкерлерімен тұрғындардың денсаулығын жақсарту және медициналық қызмет сапасын жетілдіру жұмыстары өткізілді. Аудандық денсаулық сақтау саласы аккредитация стандарттарына сәйкестік рәсімінен өтті. Тұрғындардың денсаулық  көрсеткіштерінің  индикаторларында оң нәтиже  байқалуда. Қан айналым жүйесінің ауруынан, онкопатология, түберкүлез ауруларынан өлім-жітім төмендеуде. Түберкүлез, онкопатологиямен науқастану төмендеді, АИЖВ таралуы өткен жылдың көрсеткіштері деңгейінде және облыстық көрсеткіштен төмен. Науқастанудың ерте кезеңінде анықтау жоғарылады,  тәуліктік стационарға госпитализациялау деңгейінің төмендеді байқалуда, стационарауыстырмалы технологиямен жұмыс жасау  оң нәтиже беруде.