Ақпараттық-түсіндіру тобының аудандағы жұмысы

2017 жылдың 23 ақпанында Бұланды ауданына Көкшетау қаласының  жоғары медициналық колледжінің мамандарының тобы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша іс сапарымен келді.

Топ құрамында директор Ш.Ниязова, дәрігерлер, заңгер, экономист, кәсіподақ төрағасы болды. Бұланды орталық аудандық ауруханасының қызметкерлері, аудандық аурухана және емхана пациенттері, «Балдырған» мектепке дейінгі балалар мекемесінің  қызметкерлері,  темір жол бекетінің қызметкерлері, Сити сауда орталығының кәсіпкерлерімен кездесулер өткізілді.  Аудан тұрғындарына «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңнамасына енгізілген толықтырулар мен өзгертулер туралы жеткізілді.  Қойылған сұрақтарға түсіндіру жұмыстары өткізілді.