Бұланды ауданының денсаулық сақтау жүйесіндегі 2015 жылдағы қызмет қортындысы бойынша медициналық кеңес отырысы өткізілді

2016 жылдың 11 ақпанында Бұланды ауданының денсаулық сақтау жүйесіндегі 2015 жылдағы  қызмет қортындысы  бойынша медициналық кеңес отырысы өткізілді.

Отырыста Бұланды ауданының әкімі К.Х.Испергенов, аудан кураторы, Көкшетау қаласының медициналық колледж директоры С.К.Муратбекова, Бұланды ауданының әкімінің орынбасары Б.Ш.Тасылбекова қатысты.  Негізгі баяндаманы Бұланды ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері А:Ж:Нурсадыкова  жасады, сонымен қатар бас дәрігердің АМСК бойынша орынбасары  О.Г.Букарь, фтизиатр дәрігер Алтыбаев М.Ж, Отрадный ДА аға дәрігері Скрягин О.В   қосымша баяндама жасады. Жұмыста қол жетілген нәтиже, 2016 жылдға міндеттер қойылып, мәселелі сұрақтар шешім табу бойынша іс-шаралар талқыланды.