Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар

16 желтоқсан - біздің еліміздің ең басты мерекелеріміздің бірі. Бұл бостандық және тәуелсіздік мерекесі. Тәуелсіздік жетістігі бейбітшілік, келісім, жасампаз еңбек болып табылады.

 14 желтоқсан күні Бұланды ОАА-ның мәжіліс залында Тәуелсіздік күніне арналған медицина қызметкерлерінің  салтанатты жиналысы өті. 

Ұжымды мерекемен құттықтап Бұланды ОАА-ның бас дәрігері А.Ж.Нурсадыкова сөз сөйледі. 

 Ауданның денсаулық сақтау жүйесіне салған адал еңбектері үшін мадақтау парағы мен сыйлықтар – Капитоновка ФАП –нің акушері Гаузер ;Караөзек ДА-ның санитар қызметкері Франковская Л;  терапия бөлімінің саб/буфетшісі  Золотова В;  хирургия бөлімінің санитар қызметкері Быкова М; аудандық емхана Гюзалова С ; аудандық емхана санитар қызметкері Гусеваға берілді

 Үкімет марапатына гинеколог дәрігер А. Гоменюк лайықты болды, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының және Ақмола облысының  денсаулық сақтау қызметкерінің кәсіп одағының филиал төрағасының мақтау қағазын      Доронина Т.В. алды ; Бұланды ауданының әкімінің мақтау қағазымен сан.техник  Перевертайло Д.марапатталды.

Аудандық көңілді тапқырлар сайысына қатысып бас жүлдені иеленген топ мүшелері марапатталды.