Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауын талқылау

2015 жылдың 4 желтоқсанында Бұланды ауданының денсаулық сақтау саласының медицина қызметкерлерінің ұжымында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық шынайылықта: өсу, реформалар, даму» атты   халыққа жолдауының талқылауы өткізілді.

Құрылымдық қайта құрылу және дағдарысқа қарсы негізгі 5 бағытты түсіндіру бойынша Бұланды ауданының тәлімгері Көкшетау медицина колледжінің ректоры С.Муратбекова сөз сөйледі.

Медицина қызметкерлері елдеге  келе жатқан өзгерістерді, дағдарыстан шығу бағыттарын және тұрғындардың өмірінің жақсару жолдарын тусінуде. Толығымен ҚР Президентін қолдайды.