Көңілді тапқырлар клубы 2015

2015 жылдың 4 желтоқсанында Бұланды ауданының, Макинск қаласындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің «Жұмысыңыз үшін алғыс айтамыз» атты жүлдесін алуға сайыс өтті. 

Сайыс  бағдарламасы әдеби-театралдық, би, әуендік  бағыт –бағдарында өткізілді. Сайысқа төрт топ  қатысты, оның ішінде 2014 жылдағы жүлде иегерлері-Бұланды ОАА-ның тобы қатысты. Қиын бәсекеде медицина қызметкерлері аудандық білім бөлімі, Капитоновка және Вознесенка ауылдық округ топтырынан асып түсіп, жүлдені бермей екінші рет аудан әкімінің жүлдесін ұтып алды.