Жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуы

Бұланды ауданының Қараөзек ауылында 2015 жылдың 30 қарашасында бір ауысымда 25 қабылдау жүргізетін дәрігерлік амбулатория жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Берілген жоба сомасы  87 мил. 678 мың. теңге.  Мерекелік ашылуға Бұланды ауданының әкімі К.Испергенов, аудандық маслихат хатшысы Ш.Кусайнов, Бұланды ауданының әкімінің орынбасары  Б.Тасылбекова, Бұланды ОАА бас дәрігері А.Ж.Нұрсадықова, еңбек ардагерлері, Қараөзек ауылының тұрғындары, медицина қызметкерлері қатысты. Жаңа ғимарат кілті дәрігерлік амбулатория О.Цойға берілді.  Дәрігерлік амбулатория 2000-нан астам адам санына, 4 елді мекен тұрғындарын қосып қызмет көрсетеді.  Жаңа ғимаратта: тіркеу бөлімі, дәрігердің қабылдау бөлмесі, балаларды қабылдау бөлмесі, емшаралар өткізу кабинеті, егу жұмыстарын жасау кабинеті, физиокабинет, зертхана, акушер кабинеті, күндізгі стационар палаталары бөлінген. Барлық кабинеттер қажетті жабықтармен жабдықталған. Ұйымдастыру техникасы және теледидар бар.  Жаңа жаңа тораптың енгізілуімен тұрғындарда сапалы медициналық көмек алу, күндізгі стационарда ем алу, дәріхана пунктінен дәрі-дәрмек алу мүмкіндігі пайда болады.

Дәрігерлік амбулаторияда ұйымшыл медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Жергілікті тұрғындар амбулаторияның медицина қызметкерлеріне кәсіптіліктері үшін алғыс білдіреді.