"Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР- ДСМ-27 бұйрығы. "Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру" |
|
||
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетушілер |
|
2 |
Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін беретін ұйымдардың атаулары және (немесе) "электрондық үкімет пен ұялы байланыс абоненттік құрылғысы" веб -порталына нұсқау |
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетушілер, "электрондық үкімет" веб-порталы |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды берген сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні ішінде |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде – "денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ–175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 069/е нысаны бойынша берілген санаторийлік-курорттық карта немесе осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер; |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
тегін |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге: 1) еркін нысандағы өтініш; |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы |
|
10 |
Өзге де талаптар мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген |
Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |