"Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі

"Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы». (Өзгерту күні 30.11.2022 ж)


"Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Денсаулық сақтау субъектілері.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей жүгінген кезде);
2) "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ не осы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - дүйсенбіден жұмаға дейін (дүйсенбі – жұма үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), демалыс (жексенбі) және мереке күндеріне кезекші дәрігерлерінің жұмысын қамтамасыз ету арқылы. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін берілуі қажет;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге: жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) порталға: электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімімен "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығында Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

Комментарий қосыңыз


Защитный код
Жаңарту