"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР- ДСМ-27 бұйрығы «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» (Өзгерту күні 29.07.2022 ж)
"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
|
||
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Стационарлық жағдайда көмек көрсететін медициналық ұйымдар |
|
2 |
Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін беретін ұйымдардың атаулары және (немесе) "электрондық үкімет пен ұялы байланыс абоненттік құрылғыс"" веб -порталына нұсқау |
Стационарлық жағдайда көмек көрсететін медициналық ұйымдар, "электрондық үкімет" веб-порталы |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жүгінген күні көрсетіледі. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
электрондық (ішінары автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде – нысан бойынша қағаз түрінде стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
тегін |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 8.00- ден 17.00-ге дейін . |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге: |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы |
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |