"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» (Өзгерту күні 31.07.2023) _____________________________________________________________________
"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымы (бұдан әрі – МСАК ұйымы);
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап, сондай-ақ ЭҮП-ке жүгінген кезде – үйге шақыру кезінде, жұмыс күні ішінде, 30 (отыз) минуттан аспайды;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жүгінген күні көрсетіледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) МСАК ұйымдарына тікелей жүгінген кезде, учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және МСАК ұйымының мөрімен расталған "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 027/е нысаны бойынша берілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама;
2) ЭҮП жүгінген кезде - МСАК ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында;
3) дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) МСАК ұйымы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін).
Пациенттерді қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген;
2) ЭҮП – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) МСАК ұйымына: тікелей жүгінген жағдайда жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) ЭҮП-ке: электрондық құжат нысандағы сұраныс.
МСАК ұйымы жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды ЭҮП-те тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе ЭҮП хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген) сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін осы медициналық ұйымға бекітілмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Пациент ЭҮП-та тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе ЭҮП хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Пациенттің ЭЦҚ болған жағдайда ЭҮП арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ-ны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустың, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жолды шақыру түймесінің, күту залының, құжаттардың үлгілері бар тіректердің болуы.

Комментарий қосыңыз


Защитный код
Жаңарту