"Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ -103 бұйрығы "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» (Өзгерту күні 03.04.2023) ____________________________________________________________________
"Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Денсаулық сақтау субъектілері |
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде); |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) сағаттан аспайды; |
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде – азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
7 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
8 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпараттандыру объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін; |
9 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге: |
10 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) оларда деректердің (мәліметтердің) дәйексіз екені анықталса; |
11 |
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті электрондық нысанда порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алу мүмкіндігі бар. |