"Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
"Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» (Өзгерту күні 31.07.2023) _____________________________________________________________________
"Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар |
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымы (бұдан әрі – МСАК ұйымы) (тікелей немесе МСАК ұйымының телефоны бойынша өтініш берген кезде); |
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
МСАК ұйымдарына өтініш берген кезде (тікелей немесе телефон бойынша): |
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) МСАК ұйымына тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – шақыртуларды тіркеу журналында жазу және дәрігерлердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру; |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. |
7 |
Жұмыс кестесі |
1) МСАК ұйымы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін); |
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) МСАК ұйымына: тікелей жүгінген жағдайда жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1)мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Пациент ЭҮП тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе ЭҮП хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар. |