"Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
"Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» (Өзгерту күні 31.07.2023) _____________________________________________________________________
"Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар |
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) МСАК ұйымы (тікелей немесе пациенттің телефоны бойынша, сондай-ақ медициналық ақпараттық жүйелер арқылы өтініш берген кезде); |
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
МСАК ұйымына өтініш берген кезде (тікелей немесе телефоны бойынша): |
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
5 |
Мемлекеттік қызметті (сенімхат бойынша оның өкіліне) көрсету нәтижесі |
1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыртуларды тіркеу журналында жазу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру; 2) ЭҮП-ке электрондық форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. |
7 |
Жұмыс кестесі |
1) МСАК ұйымы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін). Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін); |
8 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) МСАК ұйымына: тікелей жүгінген жағдайда жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Пациент ЭҮП тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе ЭҮП хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар. |