"Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
"Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет | ||
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Медициналық ұйымдар |
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады |
3 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі |
Құжаттарды күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-1 жұмыс күні |
4 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны |
Қағаз түрінде |
5 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі |
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беріледі |
6 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
ақылы түрде, мемлекеттік қызмет көрсету құны "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 202-бабына сәйкес айқындалады. |
7 |
Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс тәртібіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін |
8 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. |