"Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Көмек көрсететін медициналық ұйым (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. |
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Құжаттарды күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 1 жұмыс күні |
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Қағаз түрінде. |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің медициналық анықтамасы |
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Ақылы негізде, мемлекеттік қызметті көрсету құны Кодекстің 202-бабына сәйкес айқындалады. |
7 |
Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында. |
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; |
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші бекіткен дәрігерлердің жұмыс кестесіне сәйкес дәрігерлердің бос уақытын, рентгенологиялық (флюорографиялық) тексеру мен зертханалық зерттеулерді таңдау мүмкіндігі беріледі. |